KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, Ю
441.58 480 4.86

Павлодар тұрғыны жарты тонна балықты ШҚО-дан заңсыз тасымалдаған

15.01.2021, 10:52 187

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ірі көлемдегі балықты тиісті құжатсыз тасымалдағаны үшін Павлодар қаласыныңтұрғынын ұстады. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Үстіміздегі жылдың 14 қаңтарында сағ. 01.10 кезінде облыстық «Өскемен-Самар» тасжолының 60 шақырымында «ГАЗ» автокөлігін тәртіп сақшылары тоқтатқан. 

- Құжаттарды тексеру барысында Самар ауылынан Өскемен қаласына бағыт алған 30 жастағы жүргізуші салмағы 565 кг «рипус» балығын тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдағаны анықталды. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесі бойынша құқық бұзушы жауапкершілікке тартылады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев

Бұл «Өскемен-Алматы» тасжолында орын алып отырған алғашқы жайт емес.

ШҚО Полиция департаменті балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулағаны үшін ҚК-нің 355-бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив