ШҚО полициясына мобильді қосымша арқылы 45 өтініш түскен
Фото: egemen.kz
Полиция қызметкерлері азаматтардың өтініштерін жедел қабылдауы үшін ойластырылған "102" қызметінің мобильді қосымшасы іске қосылғанына бір жылдан астам уақыт өтті.
Азаматтар қосымша арқылы оқиға орнынан хабарлама, фотосурет, бейнежазба жібере алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Одан өзге бейнеқоңырау, аудиоқоңырау мүмкіндігі де қарастырылған. Оператормен сөйлесу кезінде геолокация автоматты түрде қосылып, деректер бірден көрсетіледі.
Жыл басынан бері осы қосымша арқылы ШҚО полициясына 45 өтініш келіп түскен. Олардың барлығы мәтіндік форматта жіберілген көрінеді. ШҚО ПД дерегінше, өтініштер бойынша тиісті шара қабылданған.