KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Театрдың қазақ труппасы Башқұртстанда бақ сынайтын болды

27.08.2012, 18:00 176


Жамбыл атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы Башқұртстан астанасы Уфада өтетін «Туғанлық» атты V халықаралық өнер фестиваліне шақырту алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Түркияның Конья қаласында өткен «Мың тыныс және бір дауыс» атты түркітілдес театрлардың халықаралық фестивалінде Абайдың «Атымды адам қойған соң» қойылымын ұсынғын аталмыш драма театрының қазақ труппасы шетелдік мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болғанды.

Осыған орай театр ұжымы алдағы 6–13 қыркүйек күндері Башқұртстанда өтетін халықаралық фестивальға қатысуға шақырту алды. Онда Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Татарстан, Гагаузия, Өзбекстан, Башқұртстан, Түркия сынды түркітілдес 14 елдің өкілдері өнер көрсетеді. 6-шы қыркүйек күні театр директоры Руслан Қайырсынов бастаған шығысқазақстандық әртістер халықаралық фестивалдың ашылу салтанатына қатысып, 9-шы қыркүйекте Уфадағы М.Кәрім атындағы театр сахнасында көпшілік көрермендерге өз қойылымдарын ұсынатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив