KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Апаттық медицина орталығының мамандары 114 адамға көмектескен – ШҚО

Фото: gov.kz

14.08.2023, 11:59 224

ШҚО-дағы Привольное ауылында Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Апаттық медицина орталығының трассалық медициналық-құтқару пункті орналасқан.

«Өскемен-Семей» тасжолының бойында орналасқан пункт жыл бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Пункт дәрігерлері жол-көлік оқиғасына тап болған азаматтарға шұғыл көмек көрсетеді.

ШҚО ТЖД дерегінше, адам өмірін құтқаруда осы пункттің маңызы зор, себебі аталған жолдың бойында апат болған жағдайда аудандық аурухананың жедел жәрдем көлігі жеткенше бірталай уақыт өтетін көрінеді.

Қазір пунктте 5 адам кезекшілік атқарады. Мұнда дәрігер, фельдшер, фельдшер-диспетчер және 2 санитар-құтқарушы жұмыс істейді.

– Шығыс Қазақстан филиалында барлығы 13 дәрігер мен 19 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Жыл басынан бері облыстық филиалдың қызметкерлері 343 рет шақыртуға шықты, зардап шеккен 114 адамға көмектесті. Тұрғындардан түскен 28 өтініш қаралды, – дейді облыстық филиалдың дәрігері Гүлнәр Мұсабалинова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу