KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3,6 м/с, С
480.55 533.75 5.36

ШҚО ТЖД қызметкерлері балалар лагерінде жарыс ұйымдастырды

Фото: gov.kz

14.08.2023, 12:21 196

ШҚО-да орналасқан «Царская долина» лагерінде ТЖД қызметкерлері жарыс өткізді.

Сайыста аталған лагерь мен «Болашақ» сауықтыру лагерінің командалары жарысып, эстафета мен арқан тарту бойынша мықтыны анықтаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шараны Ұлан аудандық ТЖ бөлімі мен ШҚО ТЖД-ның мамандары ұйымдастырған.

Балалар ТЖ қызметкерлерінің формасын киіп көріп, өрт сөндірді. Бұл шара балаларға төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл ережелерін үйретуге бағытталған.

Жарыс нәтижесі бойынша эстафета сайысында «Царская долина» лагерінің командасы үздік атанса, «Болашақ» командасы арқан тарту сайысында жеңімпаз болды.

Шара соңында ТДЖ қызметкерлері балаларға қауіпсіздік ережесін түсіндіріп, арнайы жабдықталған орында шомылу қажет екенін жеткізді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив