KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

ШҚО полицейлері көпірдің астынан шолақ мылтық тапты

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

25.08.2023, 16:30 207

ШҚО полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы заңсыз айналымдағы атыс қаруы мен олардың оқ-дәрілерін тәркілеуге, ұрланған және жоғалған қаруды іздестіруге бағытталған жедел іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

ШҚО тәртіп сақшылары Самсоновка ауылындағы көпірдің астынан шолақ мылтық тапты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл тамыз айының ортасында ҰҚҚКБ қызметкерлері заңсыз қару туралы жедел ақпарат алған. Дерекке сүйенсек, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Өскемен қаласының тұрғыны бас бостандығынан айырылғанға дейін Самсоновка ауылындағы көпірдің астына қару көмгені туралы хабарлаған.

Ақпаратты тексеру барысында қару жасырылған орын анықталып, шолақ мылтық табылды.

Маманның қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат атуға жарамды 16 калибрлі "3К" үлгісімен шығарылған тегіс ұңғылы шақпақты аңшылық мылтық екені анықталған.

Полиция қызметкерлеріне қаруды заңсыз сақтау жөнінде Өскемен тұрғынына қатысты тағы бір жедел ақпарат бірнеше күннен кейін келіп түскен. Аталған дерек те расталған көрінеді.

ШҚО ПД дерегі бойынша, гаражды тінту барысында спорттық-аңшылық ойық атыс қаруына арналған 5,6 мм калибрлі оқ-дәрілермен атуға арналған 5 мм калибрлі "ТОЗ-8" үлгісіндегі бір ойық мылтық табылып, тәркіленген.

Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Екі факті бойынша да ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ШҚО ПД аталған тұлғалар қаруды қайдан алғаны анықталып жатқанын мәлімдеді. Тергеу нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу