KZ
Өскемен
+24°
пасмурно жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Өскеменде әуесқойлар арасында футбол турнирі өтті

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

4.09.2023, 15:56 228

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп Өскемен қаласында «Есірткіге «Жоқ» деп айт!» деген ұранда әуесқой командалар арасында футбол турнирін өткізді.

Турнир ұйымдастырушыларының айтуынша, нашақорлыққа қарсы күресте оның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау басты орын алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ПД қызметкерлері түрлі іс-шараларды, соның ішінде спорттық бағыттағы іс-шараларды жиі өткізеді.

Аталған турнирге 40-тан астам ойыншы қатысты. Жарысқа әртүрлі жастағы жандар қатысқан.

Нәтижесінде жеңімпаздарға грамота, медаль, кубок табысталды. Сонымен қатар Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив