KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Дін мәселесі бойынша кездесулер өткізді

22.04.2012, 18:00 189


Облыстық ақпараттық - насихаттау тобы дін мәселесі жөнінде Жарма ауданының Шар қаласының,Салқынтөбе, Бірлік ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Топ құрамына ШҚО діни істері бойынша департаментінің директоры М. Мұхамеджанов, ШҚО ішкі істер департаментінің лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес бойынша бөлімінің бастығы Г. Оразбаев, саяси партиялар және діни бірлестіктермен жұмыс бойынша бөлімінің бастығы Е. Жакупов, «Единство» ҚБ төрағасы С. Лебедев, Семей қалалық орталық мешітінің бас имамы С. Нұржақыпов кірді.

Дін мәселелері бойынша насихаттық топ мүшелерінің аудан тұрғындарымен өткізген кездесуінің мақсаты – оларды облыс бойынша болып жатқан діни жағдайлармен, діни қатынастағы мәселелерді реттеудегі мемлекеттік саясаттың қағидаларымен таныстыру, діни ағымдардың мәні, әсіресе дәстүрлі емес діни бірлестіктер және діни лаңкестік пен экстремизмнің алдын алуы туралы хабардар ету.

Кездесуге қатысушылар тарапынан дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қызметтеріне байланысты, мәселелерді реттеудегі мемлекеттің айқындамасын нығайту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив