KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, В
478.96 533.03 5.22

Заңсыз діни әдебиет таратқандар жауапкершілікке тартылады

20.01.2018, 09:34 214

– Қандай жағдайда діни бірлестік тіркеуден бас тартылады және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте дін саласындағы заң бұзушылық (заңсыз діни әдебиет тарату) үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?


Мұхит Амангелді


Аягөз ауданы.


Сауалға облыстық дін істері басқармасының басшысы Бейбіт Әшімов жауап береді:


– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарындағы және өзге де ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дәйексіз болса және (немесе) құрылатын бірлестік дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде діни бірлестік ретінде танылмаған жағдайларда діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден, оның құрылымдық бөлімшесін (филиалы мен өкілдігін) есептік тіркеуден бас тартылады.


Заңсыз діни әдебиет таратуға келсек, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабы, 1 тармағы, 3 бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және таратуға белгіленген талаптарды бұзу  қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға  елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив