KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2,9 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының жаңа төрағасы сайланды

18.02.2013, 18:00 153


Бүгін Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары 7-ші құрылтайында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа төраға болып 40 жастағы Ержан Маямеров сайланды. Оның кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірілді. Құрылтайға барлығы 170 адам қатысты, олардың ішінде аймақтық имамдар, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының қызметкерлері мен дін істері жөніндегі агенттіктің өкілдері бар.

Бұған дейін Ержан Маямеров Семей өңірінің имамы қызметін атқарған болатын. Бұл қызметке оны 2011 жылы Әбсаттар Дербісәлінің өзі тағайындаған. Ержан Маямеров діни білімін Египетте алған, сол жерде 1993жылдан бері 10 жыл тұрған.. Ержан Маямеров үйленген, үш баласы бар.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бұрынғы төрағасы 65 жастағы Әбсаттар Дербісәлі жоғары муфтий қызметіне 2000 жылы сайланған болатын. Әбсаттар Дербісәлі сонымен қатар белгілі шығыстанушы, профессор. Ол кісі алдағы уақытта тек қана ғылыммен айналыспақшы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив