KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Дін мәселелеріне арналған әдістемелік семинар

2.06.2013, 18:00 215


Өскемен қаласында әкімдердің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің бастықтары мен құқық қорғау орындары қызметкерлері үшін дін мәселелері бойынша әдістемелік семинар өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тұрғындар арасында ақпаратты-насихат жұмыстарын кездесулер өткізу және бұқаралық-ақпарат құралдарында дін қатынастары мен діни ағымдарға қатысты мемлекет саясатының ұстанымдарын жан-жақты түсіндіруге бағытталған жарияланымдарды көбірек басу арқылы жандандыруға басты назар аударылды. Сонымен қатар халық арасында теріс діни ағымдар жайлы ақпараттық материалдарды тарату қажеттігіне көңіл бөлінді.

Одан кейін облыстың имамдарымен кездесу жүргізілді.Облыс қалалары мен аудандарының бас имамдары діни экстремизмнің алдын алу шаралары бойынша тәжірибелерімен алмасты. Мемлекеттік органдардың өкілдері облыс имамдарын облыстағы діни ахуалмен , діни қатынастарды реттейтін ҚР заңнамаларымен таныстырды .

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив