Рұқсатсыз намазхана ашқан ер адам жауапқа тартылды – ШҚО
ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері рұқсатынсыз намазхана ашқан 28 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Ол қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінен тиісті құзыретті органдардың рұқсатынсыз намазхана ашқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ер адамның айтуынша, ол аталған жағдай үшін әкімшілік жауапкершілік көзделетінінен бейхабар болған көрінеді.
Қазіргі уақытта ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, орынсыз жерлерде діни рәсімдер мен жиналыстарды өткізіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін оған 130 000 теңге сомасында айыппұл салынды.