Алтай қаласының тұрғыны үйінің ауласында қарасора өсірген
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
Алтай АПБ-нің қызметкерлері «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында есірткі затын сақтау ісіне қатысты күдікті адамды анықтады.
Күдіктінің үйінің ауласын тінту кезінде есірткіге ұқсас өсімдік табылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, заттай дәлелдеме ретінде алынған жалпы салмағы 690 гр бұта қарасора болып шықты.
– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп жазылған ШҚО ПД хабарламасында.
Оқи отырыңыз