KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Самар ауданында астықтың 37 пайызы ғана жиналған – ШҚО

Фото: Аяужан Утеулинова

28.09.2023, 09:40 182

Биылғы 8 айда Самар ауданына 3 млрд теңге қаржы салынған. Ал өндірілген өнеркәсіп өнімінің сомасы шамамен 4 млрд теңгені құрады.

Самардың 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімі Нұрлан Махамбетов Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ауданда ауыл шаруашылық дақылдарына арналған егіс алқабы 66 мың гектарды құрайды. Оның ішінде дәнді дақылдар дәнді дақылдар –  38 мың гектар, майлы дақылдар – 25 мың гектар, көкөністер және бақша дақылдары – 80 гектар, жем-шөп –2060 гектар, картоп – 189 гектар аумақты алып жатыр.

– Бүгінгі күні бірінші кезектегі міндет – астықтың сапалы және уақытылы жиналуы. Алайда ауа райының қолайсыздығынан бүгінгі күнгі жағдай бойынша жиналған астық 37 пайызды құрайды, – деді аудан әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу