KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

Ахмер кентіндегі үйлерді электр желісіне қосу кезең-кезеңмен жүреді

Фото: egemen.kz

31.10.2023, 18:07 193

Өскеменнің шетіндегі шағын ауданның тұрғындары электр желісі жоқ деп бірнеше мәрте шағым түсірген. Былтыр мамандар трансформаторлық қосалқы 8 станция салу арқылы электрмен жабдықтау және көшелерге жарық беру желілерін салуға бағытталған жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Бүгінгі таңда жұмыс аяқталуға жақын қалған, шағын аудандағы үйлердің бір бөлігі жарық беру желісіне қосылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

— Бірінші топтағы 100-ге жуық үйден желіге қосу туралы 45 өтініш түсті, — дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. —Техникалық шарт пен аумақтың шекарасын анықтау актілерін беру, ШҚ Аймақтық энергетикалық комиссия мен «Шығысэнерготрейд» компанияларымен келісім-шартқа қол қою жұмысы жүріп жатыр. Құжаттардың бәрі дұрыс толтырылуына, осы жұмыстарға шамамен бір апта кетеді.

Жоба бойынша 600-ден астам үйді электр энергиясымен қамту қарастырылған. Ол үйлерде 2 мың адам тұрып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив