KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Өскемендегі кинотеатрлардың бірінен "өрт"шықты

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

11.10.2023, 14:54 100 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы кинотеатрлардың бірінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті.

Жоспар бойынша, жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан аудитория экраны жанып кеткен. Бірінші кезекте нысан әкімшілігі оқыс оқиға туралы "101" қызметіне хабарлап, және қызметкерлер бірден көрермендерді ғимараттан эвакуациялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Адам көп жиналатын объектілерде өрт шыққан жағдайда адамдарды құтқару және өрт аймағынан уақтылы эвакуациялау басты міндеттердің бірі болып табылады. Мұндай жағдайда психологиялық фактор да шешуші рөл атқарады. Сондықтан практикалық жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп отыруы шарт. Бүгін кинотеатр қызметкерлері өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін артырады және төтенше жағдай кездерінде дұрыс әрекет етуге дағдыланды, - дейді ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Айдос Нүсіпбаев.

Келушілер ғимараттан шыққан бойда өрт сөндірушілер іске кірісіп, аз уақыттың ішінде 60 шаршы метр алаңдағы өртті ауыздықтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив