KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Шығыс салбурыны – туризмді түлету тетігі

25.11.2023, 15:29 1 630 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс салбурыны – 2023» халықаралық фестивалі өтіп жатыр.

 

Құсбегілер тойына бірнеше мемлекеттен бүркітшілер келіп қатысып жатқанын бұған дейін де жазғанбыз. Салбурынды тамашалауға келген шетелдік туристермен қатар жергілікті тұрғындардың да қарасы көп, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Бозанбай ауылының жанындағы Бүркіттөбеде өтіп жатқан  құсбегілердің «Шығыс салбурыны – 2023» фестиваліне Түркия, Венгрия, Испания, Хорватия, Словакия, Португалия, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен туристер келген.

 


– Біз бүркітшілер тойын Бозанбай ауылының брендіне айналдыруды мақсат еттік. Бұл мақсатымыз жыл санап орындалып келеді. Бастапқыда облыс тұрғындары тамашаласа, өткен жылы республикадан, биыл шетелден келген туристер тамашалап жүр. Бүгінгі бүркітшілермен бірге бақ сынап жатқан бозанбайлық жас бүркітші қызымыз Маркс Айзерені ерекше атап өткім келеді. Бұл біздің өңірде құсбегілік өнердің дамып, жастардың қызығушылығының артып келе жатқандығының дәлелі. Айзеренің өнерін көру үшін әлі талай шетелдік турист келеді деген ойдамыз, – дейді Ұлан аудандық мәслихат депутаты Нұртай Тілеужанұлы.


 Бүгін «Қар аппақ, түлкі қызыл, бүркіт қара» деген суретті жырдағы көріністі жұрт көзбен көріп, жанымен сезініп жүр.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу