ШҚО-дағы шағын шаруашылықтарға ₸1 трлн бөлінді
Қайта өңдеу саласының дамымауы сүт өндірісіне тежеу болып тұр.
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев айтты. Қазір елімізде жыл сайын өндірілетін 6 миллион тонна сүттің 30 пайызы ғана өңделеді. Көп бөлігі бұзылып, жарамай қалады. Бұл ресми стастистикалық мәлімет. Соңғы уақытта Қазақстанда заманауи тауарлы сүт фермалары салынып жатыр. Мысалы Шығыс Қазақстан облысында 10 миллиард теңгенің жобалары жүзеге асқан. Жиын барысында шағын шаруа қожалықтарын қолдау тетіктері де қаралды. Бұл мақсатта «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 1 триллион теңге бөлінді.
- Мына ауылдағы уақ-ұсақ деп жатқан фермерлеріңіз бар ғой, соларға кем дегенде ол жеке басты бір кәсіпкер болса, 7-8 млн теңгеге дейін, егер де олардың бастары біріксе, 38-40 млн. теңгеге дейін несие алуға болады. 2,5 пайызға. Ол өте қолжетімді, - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы Серік Егізбаев.