KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Маралдыдағы фабриканың құрылысы заңға сай жүргізіліп жатыр

Фото: vedomosti.ru

13.12.2023, 17:00 201

Күршім ауданының Маралды ауылында салынып жатқан алтын өндіру фабрикасының құрылысы қолданыстағы заңнама аясында жүргізіліп жатыр.

 

Күршім ауданы тұрғындарымен кездесуде ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Маралдыдағы зауыттың құрылысы заң аясында жүргізіліп жатқанын, өткенде ауданға келген экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан осы туралы мәлімдегенін тұрғындарға жеткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Облыс әкімі зауыттың жұмысы ерекше бақылауда болатынын да қадап айтты.

– Маралдыдағы тау-кен кәсіпорнының заңға сай жұмыс істеуін, барлық талаптарды толықтай орындауын біз мұқият қадағалайтын боламыз. Ең алдымен өндіріс орны қоршаған ортаға, тұрғындардың денсаулығына зиян тигізбеуге тиіс. Сондай-ақ жергілікті бюджетке тиісті мөлшерде салық төлеп отыруы керек, – деді Ермек Көшербаев.
 


Сонымен қатар инвесторларға жергілікті жолдарды жөндеу, ауыл тұрғындары мен әлеуметтік нысандарға көмек көрсету бойынша бірқатар әлеуметік міндеттеме де жүктеліп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу