KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Риддерде барлық автобустар желіге шықты

Фото Евгения Щетникова
Фото Евгения Щетникова
16.12.2023, 13:15 138 Назерке Каримова

13-14 желтоқсанда Риддер тұрғындары автобустардың жұмысына шағымданған болатын. Ал кеше, 15 желтоқсанда барлық автобус желіге қайта шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Ауа температурасы 38 градус төменге жетіп, қатты аязға тұрғандықтан, кейбір тасымалдаушылардың жанармайы қатып қалды, - деп түсіндірді Риддер.қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Рауан Құрметұлы.  – Бүгінде барлық 12 бағыт та техникамен қамтамасыз етіліп, өз жұмыстарын толық көлемде атқаруда.

Бұл мәселені қала билігі қазір ерекше бақылауда ұстап отыр.

– Соңғы кездері автобустар жиі жүре бастады, бірақ ауа райына байланысты дизельдік отынның қатып қалу жағдайлары бар екенін түсіну керек. Жалпы қазір 18-ші және 12-ші бағыттағы автобустар жақсы жүріп жатыр. Бүгін аялдамада бес-ақ минут қана тұрып, күттім, - деп бөлісті 12-ші маршруттың жолаушысы Әлия Қапесова.

Еске салайық, бұған дейін Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте маршруттық автобустарды шығарудың кешігуіне ауа температурасының төмендеуі себеп деп айтқан болатын. Сондай-ақ, қала әкімі тасымалдаушы "КазАвтоЛайн" ЖШС-мен автобус паркі ғимаратын қалпына келтіру туралы келісім жасалғанын және қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң автобустардың жолаушыларды тасымалдауында еш қиындық туындамайтынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив