KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Белоусовкалықтардың облыс орталығына жетуі қиындады

26.01.2018, 11:08 181

Белоусовка тұрғындарының айтуынша, қалаға жету жылдың қай мезгілінде болмасын оңай шаруа емес. Алайда қыста бұл мәселе тіпті ушығып кетед екен. Өйткені автобустар аязға шыдамай істен шығып, жұрт сағаттап аялдамада тұруға мәжбүр болады. Осылай деп редакциямызға хабарласқан Белоусовкалар  қоғамдық көлік қатынасының нашарлығынан қаладағы жұмыстарына да кешігіп қалатындарын жеткізді.


-  Мінеки бірнеше жыл болды, қыс маусымында  қалаға жете алмай  әбігер боламыз. Тіпті бір жолы жұмысқа екі сағат кешігіп баруыма тура келді, абырой болғанда басшылығым түсіністікпен қарады.  Кейбір ата-аналар қалаға балаларымен бірге барады. Бүгін автобус келгенімен оның есігі ашылмай қалды. Сондықтан келесі  автобусты күтіп ұзақ тұрдым,-деді кент тұрғыны Ольга Сенина.

Ал жеке такси жалдау қалтаны қаққаны былай тұрсын өз алдына қолайсыз.Өйткені олар бар болғаны 4 жолаушыны отырғыза алады,ал аялдамада 20-30 адам тұратын кез болады. «СТ «Автосервис» ЖШС директоры  Мұрат Сандыбаевтың айтуынша жағдайды тура жоғарыдағыдай деуге келмейді.


– Аяз түскен алғашқы күні сондай  келеңсіздік болғаны рас, өйткені суықтан бір көлік істен шығып жүру кестесі шегеріліп кетті. Бірақ біз бірден келесі бір көлікті  желіге шығардық. Белоусовкада адамдардың 2-3 сағат  қоғамдық көлік күтіп тұруы деген жағдай болған жоқ. Рейстік автобустар 40 минут уақыт жиілігімен жүріп тұрады. Ал енді бүгінгідей аязда жағдайды дұрыс түсіну керек,өйткені қала сырты тұрмақ, қаладағы автобустар қатып қалып жатыр. Қашанда ештемеге риза емес бірді - екілі адамдар табылып жатады ғой. Егер шынымен де мәселе ушығып тұрса, менің атыма шағым жазсын,мекен-жайдың барлығы автобус ішінде жазылып тұр. Одан соң мен мән-жайды анықтайтын боламын,-деді  ол өз сөзінде.

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы да бұл істің бүге-шігесін анықтауға  ниетті.


-Өзім де қоғамдық көлікпен жүремін,сондықтан үскірік аязда автобус күтудің қалай екенін жақсы түсінемін.Автотасымалдаушыларды жақтағаным емес, бірақ мынадай сақылдаған аязды күндері түсіністікпен қарауға шақырамын,-дейді  сала өкілі Айжан Рахымбаева.

Дегенмен аталған басқарма жолаушылардың арыз-шағымымен жұмыс жасауға әзір.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив