KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

ШҚО полицейлері ардагерлерді құттықтады

Фото: ШҚО ПД
Фото: ШҚО ПД
29.12.2023, 22:11 148 Қызырбек Дүргінбайұлы

Көзі тірісінде көпті көрген  ардагерлердің есімін есте сақтау, өскелең ұрпақтың назары олар үшін маңызды болып қалақала бермек.

 

Жаңа жыл қарсаңында ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков ардагерлерді алдағы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Аймақ полициясының басшысы ақсақалдарға өз уақытында ел мен халықтың игілігі үшін атқарған жұмыстары үшін шын жүректен алғыс білдірді. Ол ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаевпен бірге ішкі істер және Ұлы Отан соғысы органдарының ардагерлері – Құрмат Рахимович Рахимов пен Габриил Васильевич Одинцовты мерекемен құттықтады.

 

– Мен келе жатқан мерекемен құттықтап, денсаулық, амандық және ұзақ өмір тілеймін. Біз үшін сіздер әкелер, тәлімгерлер, мұғалімдер сияқтысыздар, өйткені бір кездері сіздерге қарап біз қызмет негіздерін үйрендік, – деді Ерлан Омарбеков.

 

Құрмат Рахимұлы қонақтармен погондағы жылдары туралы, Қазақстан полициясының қалыптасуындағы қиындықтар туралы естеліктерімен бөлісіп, адалдық, еңбекқорлық және халыққа қызмет ету полиция қызметкерлерінің жұмысындағы ең басты міндет екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив