ШҚО-да қар көшкіні қаупі сақталады
ШҚО-ның таулы аймақтарында 23 наурызға дейін қар көшкіні қаупі сақталады.
Метеорологиялық жағдайдың күрт өзгеріп, күн райының жылынуына және желдің күшеюіне байланысты таулы аймақтарда қар көшкіні түседі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 21-23 наурыз аралығында өңірдің таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қапуі бар. тұрғындарға барынша абай болып, тауға шығудан бас тарту керектігін ескертеміз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.
Оқи отырыңыз