KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Министр: Титан-магний комбинаты – металлургия саласындағы мақтанышымыз

Суреттер: Аяужан Утеулинова
Суреттер: Аяужан Утеулинова
5.02.2024, 12:16 455 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев түсті металлургиядағы жетекші кәсіпорынның бірі — Өскемен титан-магний комбинатына барды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жетекші дейтініміз, бұл кәсіпорын шикізат өндіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндіріс циклімен жұмыс істейді. Мұнда кеуекті титан, титан құймалары мен қорытпалары, титан қаңылтақтары, құймалардағы бастапқы магний, ванадий пентаоксиді секілді өнімдер жасалып, шетелдерге экспортталады. Бүгінде өскемендік комбинат өнімдері АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей сияқты дамыған елдерге жол тартады.

– Бұл кәсіпорын – қазақстандық металлургияның мақтанышы. Ең бастысы, мұнда тек шикізат өндірілмейді,  өндірістің толық циклі бар. Комбинат әлемдегі ең ірі авиациялық компаниялармен ынтымақтастықта. Ұшақ құрылысында қолданылатын титанның 60 пайызы елімізде өндіріледі. Біз кәсіпорынды одан әрі дамытып, нарықтағы үлесін еселей аламыз, - деді министр Қанат Шарлапаев.

Кәсіпорын басшылығы министрге жаңа идеялар жөнінде айтты. Соның ішінде азаматтық қажеттіліктер үшін титан өндірісін жолға қою жоспарда бар екенін айта кетейік.

Өнеркәсіп министрі кәсіпорынның экология мәселесіне ұқыптылықпен қарайтынын атап өтті. Мәселен титан-магний комбинаты суды тұйық циклі бойынша пайдаланады. Яғни қалдық сулар қоршаған ортаны ластамайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу