KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Аға буын ағылшын тілін үйреніп жүр - ШҚО

15.02.2024, 20:28 182

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті аға буынға арналған «Күміс университет» жобасын жүзеге асырып жатыр.

Жобаның мақсаты - егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік белсенділігін арттыру. 60 жастан асқан кез келген азамат «Күміс университеттің» тыңдаушысы болып, өзіне ұнайтын курсты таңдай алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Қазір «Күміс университет» жобасының 130 тыңдаушысы бар. Орталықта тыңдаушылардың өзін-өзі дамыту үшін қолайлы жағдай жасалып, заманауи техникалық құралдармен қамтылған. Курс арқылы тыңдаушылар қаржылық сауатын арттыра алады, банктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметін тиімді пайдалануды үйренеді, сондай-ақ қаржылық алаяқтар мен алаяқтық схемалардан қорғана алады, - дейді оқу үрдісін ұйымдастыру және мониторинг бөлімінің маманы Айгүл Кылиманова.

Мәселен, Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің оқытушылары Мадина Рақышева мен Галина Попова аға буынға электрондық портал сервистерімен жұмыс істеуге, дәрігерге онлайн жазылуға, Telegram, Facebook және басқа платформалармен жұмыс жасауға көмектеседі.

Ал құқықтық және қаржылық сауаттылық курстарын жүргізетін заң ғылымдарының кандидаты Татьяна Сидоренко қарапайым іс жүргізу құжаттарын өз бетінше толтыруды, сондай-ақ, мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға интернет-ресурстар арқылы жүгінуге үйретеді.

Тілдік құзыреттілік орталығының оқытушылары Әлия Бакиева, Фарида Байбатанова, Галина Михайлова, Елена Попкованың көмегімен зейнеткерлер қазақ тілі және ағылшын тілі бағдарламалары бойынша курстардан өтеді.

Денсаулық және спорт орталығының нұсқаушысы Дарья Альтемирова тыңдаушыларға «Аға буынға арналған фитнес» курсы ерекше ұнайтындығын атап өтті.

- «Күміс университет» жобасы зейнеткерлерге керемет көңіл-күй сыйлайды. Ұйымдастырушылардың психологиялық - педагогикалық қолдауы үшін зор ризашылығымызды айтамыз. Курс тілдік, қаржылық білімімізді жетілдіруден басқа, зияткерлік қабілетімізді жаттықтыруға және жаңа таныстар табуға көмектесті, - дейді зейнеткер Сәуле Исюмбаева.

 

                                                             

Айжанат Бақытқызы

Фото: Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу