Өскеменде су саласының мамандары жетіспейді
oskemen.atameken.kz
Өскеменде су саласының кадрларын даярлау үшін жоғары оқу орнын ашу қажеттілігі туындап отыр.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту кеңесінің отырысында осы саладағы кәсіпорындардың басшылары білікті кадрлардың тапшылығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өзен серуенімен айналысатын кәсіпорын жетекшісі Ксения Белованың айтуынша, олар кеме экипажын жинақтау бойынша кәсіби кадрлар тапшылығы мәселесі туындап отыр.
Ксения Белова айтқандай, Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде су саласының кадрларын даярлау үшін жоғары оқу орнын ашу қажеттілігі туындады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне қарасты теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан су жолдары" РМҚК Жоғарғы Ертіс филиалының директоры Максим Гейне де кадрлардың жетіспейтіндігін растайды.
Сонымен қатар, оның айтуынша, су көлігімен жүк және жолаушылар тасымалы жыл сайын артып келеді және кәсіби кадрларды даярлау мәселесін қазірден бастап шешу қажет. Кеме жүргізушілері, кеме механиктері, кеме электромеханиктері қажет
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Әсет Адылхан кадр мәселесі өте өзекті екенін айта келе су саласы мамандарын Өскеменде орналасқан колледждерде және "Шығыс фарватер" бейінді оқу орталығында дайындауға болатынын айтты.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде білімі бар жұмысшылар одан әрі біліктіліктерін арттыруы керек.
Кеңес соңында жергілікті атқарушы органдар, кәсіби білім беру, еңбек мобильділігі орталығы бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты қарастырып, су саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер тілектері де ескерілмек.