KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Мерекені қызметте қарсы алды

ШҚО ТЖД

8.03.2024, 17:00 118 Назерке Каримова

ШҚО ТЖД радиотелефоншылары бүгінгі мерекені жұмыста атап өтуде.

Мереке күндері төтенше жағдайлар жиі орын алатындықтан, кезекшіліктегі нәзік жандар ерекше қырағы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласының №3 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы, азаматтық қорғаудың кіші сержанты Камила Нұрахметова осы күні кезекшілікке келді. 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар оның әріптесі Екатерина Беспалова да қоңырауларды қабылдайды. Радиотелефонист Елнара Ақтамбаева №8 өрт сөндіру бөлімінде кезекшілікте. Риддер қаласының 1-МӨМБ радиотелефоншысы азаматтық қорғаудың кіші сержанты Алена Сыровежкина да мерекені жұмыс орнында  қарсы алуда.

Диспетчерлердің айтуынша, мереке күндері әдетте оқыс оқиғалар мен өрт саны едәуір артады және бұл күндері кезекшілікте ерекше қырағы болу керек.

Қарбалас жұмысқа қарамастан әріптестері аяулы жандарға барынша мерекелік атмосфера жасауда.

Бұл нәзік жандардың тағдыры әр түрлі болғанымен, олардың жауапты қызмет пен мамандығына деген махаббаты ортақ.

Екатерина Беспалова жақсы диспетчер болу үшін өз жұмысын жақсы көру, азаматтық борышын адал атқару, регламенттеуші құжаттарды білу қажет екенін айтты.

Ал Елнараның әкесі зейнеткерлікке шыққанға дейін өрт сөндірушілер қатарында қызмет етіп, қызының да қоғамға пайдасы тисе деп армандаған.

Камила Нұрахметова Өскемендегі жауынгерлік бөлімдердің бірін таңдаған. Оның пікірінше, бұл жерде үлкен тәжірибе жинауда. Ол өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жедел жұмыс істегенді және өрт сөндірушілермен бір командада болғанды ұнатады.

- Менің  міндетім - хабарламаларды уақтылы және нақты қабылдау, қазіргі уақытта болып жатқан жағдайға қатысты тез әрекет ету. Бұл іс кәсіби шеберлікті қажет етеді, - деп ойымен бөлісті Алена Сыровежкина.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив