Зайсандық кәсіпкер бизнесті дамытуға берілген субсидияны қайтаруға келіспейді
pixabay.com
Зайсан ауданының кәсіпкері асфальтбетон зауытын сатып алуға берілген қарыз қаражатын қайтару керектігімен келіспейді.
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының ШҚО бойынша филиалының іс-әрекетінің заңдылығына күмәнданған "Зайсан" құрылыс компаниясының басшысынан ШҚО Кәсіпкерлер палатасына өтініш түсті, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Кәсіпкердің ақпараты бойынша, өткен жылдың қазан айының соңында Қор қызметкерлері жоба бойынша тиімділік критерилерінің орындалуына мониторинг жүргізіп, тиімділіктің негізгі критерилері: жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту, табыстың өсуі, төленетін салық көлемін ұлғайту міндетері орындалмайтынын анықтады, бұл бағдарлама шарттарын бұзу болып табылады. Осыған байланысты Қор 14 миллион теңгеден астам көлемде алынған субсидияны қайтару туралы шешім қабылдады.
Айта кету керек, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Ережелеріне сәйкес, егер тиімділік критерийлерін орындалмаса, бірақ жоба іске асырылса және мақсатты пайдалану толық көлемде расталса, онда жоба бағдарламаның шарттарына сәйкес деп санау қажет.
ШҚО Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Игорь Шацкийдің айтуынша, бұл бірегей жағдай. Кәсіпкерлер барлық міндеттемелерді адал орындағанымен, субсидияларды қайтаруға мәжбүр.
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының ШҚО бойынша өңірлік филиалының директоры Медет Ерболұлы бұрын мұндай шарттар Ережелерде көзделгенін және тиімділік критерийлеріне қатысты мәселе оң шешілгенін растады.
Игорь Владимирович ШҚО Кәсіпкерлер палатасы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры орталық органы деңгейінде алынған субсидияны қайтару мәселесін шешуге жәрдемдесу туралы "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінуге тиіс екенін атап өтті.