Полиция қызметкерлері мереке күні азаматтардың қауіпсіздігін қорғауда (видео)
ШҚО ПД
Мереке күндері облыста мыңнан астам шығысқазақстандық полицейлер халық тыныштығын күзетуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл шаралар қоғамдық тәртіпті қорғауға және қандай да бір құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған.
- Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары полицияның әрдайым күзетте екеніне сенімді болуы керек. Сыпайылық пен ұқыптылық, әрбір азаматқа және оның өтінішіне деген жауапкершілік, сезімталдық пен ілтипат– бұл қызметтің негізгі қағидалары, - деп атап өтті ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.
Оқи отырыңыз