KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
530.12 546.08 5.17

Зайсанда миграциялық заң талаптарын бұзған азаматтар анықталды

Зайсан аудандық ПБ

25.03.2024, 10:00 140 Назерке Каримова

Қазақстан аумағында еңбек ету талаптарын сақтамаған шетелдіктер жауапқа тартылды.

Жауапқа тартылғандардың арасында оларға жұмыс берген Қазақстан азаматтары да бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Зайсан каласына шет мемлекеттерден келген тұлғаларды еңбек кызметіне заңсыз тарту және еңбекке пайдалану сияқты фактілерінің жолын кесу максатында рейд жүргізілді, - деп хабарлайды Зайсан аудандық полиция бөлімі. - Қазақстан Республикасы аумағында болу заңнамасын бұзған шетел азаматтарына және қабылдаушы тарапынан хабардар етпеу туралы заңманы бұзған азаматтарға хаттама толтырылған.


ҚР ӘҚБтК 517-бабының 3-бөлігімен 3 Өзбекстан Республикасының азаматы, 517-бабының 4-бөлігімен 1 ҚХР азаматы, 517-бабының 5-бөлігімен 1 Өзбекстан Республикасының  азаматы, 518-бабының 1-бөлігімен ҚР 3 азаматы, 519-бабының 5-бөлігімен 1 ҚР азаматы жауапқа тартылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу