KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Астана және Қазақстан митрополиті Александр ШҚО-ға келді

21.04.2024, 16:10 158 Назерке Каримова

Митрополит Александр Өскеменге сапары барысында Андреев Кафедралдық шіркеуінде құлшылық рәсімін өткізіп, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевпен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өңір басшысы құрметті қонаққа алғыс  айта отырып, Қазақстан руханиятында исламмен қатар православие діні де маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

- Бүгінде адам жүрегінде бейбітшілік пен рухани келісімнің болуы өте маңызды, - деді Ермек Көшербаев.

Кездесуде тараптар этносаралық және конфессияаралық келісім жөнінде әңгіме өрбітіп, өзге де өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар еліміздегі су тасқынына байланысты жағдай туралы сөз қозғалды. Митрополит Александр атап өткендей, рухани көшбасшылар мұндай күрделі кезеңде халықпен бірге болуға тиіс.

- Бүгін Құдай маған Өскемен сынды керемет қалада болу, осы қаланың адамдарымен кездесіп құлшылық жасау және өңір басшысымен тілдесу бақытын бұйыртыпты. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында аймақ тұрғындарына бейбіт өмір, қуаныш пен шаттық тілеймін. Біз, дін қызметкерлері, халқымыздың осы бір қиын кезеңнен, табиғи апаттан аман-есен өтуін тілеп, дұға етудеміз, - деді митрополит Александр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив