KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Су деңгейін күніне бірнеше рет өлшейді – Алтай ауданы

22.04.2024, 17:10 4 061 Оразай Жеңісұлы

Алтай ауданындағы Малеевка және Зубовка елді мекендерінде мониторинг әлі де жалғасуда. Мамандар Бұқтырма, Хамир, Тұрғысын, Березовка өзендерінің деңгейін күніне бірнеше рет өлшейді. Дәл қазір жағдай тұрақты, су деңгейі шекті межеге жақындаған жоқ.

Дегенмен дайындық жұмыстары тоқтап қалмайды. Өйткені тау бөктеріндегі қар еріген кезде тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Мұндай жағдайда Бұқтырма өзені арнасынан асуы да ықтимал. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов Зубов кентіне барып, жергілікті атқарушы биліктің дайындығын тексерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алтай ауданы 300 адамнан арнайы жасақ ұйымдастырып, 50 инженерлік техника сайлап отыр. Атап айтсақ, Зубовка кентінде 150 адам, 28 техника, Малеевка ауылында 150 адам, 22 техника сақадай сай тұр.

Мамандардың айтуынша, бүгін сағат 12:00-де Бұқтырма деңгейі 481 см болған. Ал шекті меже – 530 см.

Малеевка ауылдық округінде оқу-жаттығу өткізіліп жатыр. Елді мекенді су басқан жағдайда, қалай әрекет ету керек? Міне, мамандар осыны пысықтады.

151 адам қатысқан жаттығу кезінде құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің әрекеті үйлесімді екені көрінді. Тиісті тапсырмалар орындалды.

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив