KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
439.43 473.31 4.82

ШҚО-да спорт мекемелеріндегі «өлі жандар» мәселесі қалай шешілуде?

Фото: 365info.kz

26.04.2024, 12:46 56 Ержан Әбіш

ШҚО әкімдігінің отырысында білім беру және спорт мекемелерінде нақты емес, тек қағаз жүзінде ғана жұмыс істейтін оқытушыларға жалақы төлеу секілді классикалық сыбайлас жемқорлық схемасын жою мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Тек біздің өңірде құқық қорғау органдары тек қағазда бар жаттықтырушыларға қатысты бірнеше жағдайды анықтады, яғни аталған «өлі жандарға» жалақы төленіп отырған. Бұл – білім беру және спорт мекемелерінің бұрыннан келе жатқан проблемасы, – деді ШҚО әкімі.

Ермек Көшербаев дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановтан спорт клубтарына бөлінетін қаражаттың қалай бақыланатыны және өңірдің бас спортшысы өзіне ведомстволық бағынысты объектілердегі сыбайлас жемқорлықпен қалай күресетіні туралы сұрады.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствомен бірлескен жоспар жасалды. Мұндай жағдайлар су спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тіркелді. Қылмыстық іс қозғалды, ол жақын арада сотқа беріледі. Қазір біз басқа КММ-ге мониторинг жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ «Алтай» кәсіби спорт клубы бойынша заңды шешім қабылданды. Үкім күшіне енді. Біздің басқа да талаптарымыз сот өндірісіне алынған, – деді Асқар Можанов.

ШҚО әкімі Президент тапсырмасы бойынша елімізде спорт пен дене шынықтыруға жұмсалатын барлық шығындар тексеріліп жатқанын атап өтті.

– Спорт клубтары өз жұмысына жауапты болуы керек. Олардың қызметі нәтижеге бағытталған ашық әрі айқын болуға тиіс, – деді Ермек Көшербаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив