Антикор спортты қаржыландыру мәселелерін бақылауға алды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туризм және спорт министрлігінің, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жасайды.
Талдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері жүргізетін болады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Егер сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе спортты қаржыландыру саласын жетілдіруге байланысты ұсыныстарыңыз болса, оларды электрондық поштаға жіберуіңізге болады: karipova.a@antikor.gov.kz.
Айжанат Бақытқызы