KZ
Өскемен
-10°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Алтай ауданында жалғыз соғыс ардагері тұрады

8.05.2024, 19:00 152 Назерке Каримова

Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімдігі ауданның жалғыз ардагері Рудометов Василий Григориевичті құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Василий Григорьевич 1944 жылы 17 жасында әскерге шақырылған. Соғыс аяқталғаннан кейін Василий Григорьевич қатардағы гвардия шенімен тағы 7 жыл қызмет етті.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі, ҰОС ІІ дәрежелі ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, Жуков ордені, Жапонияны жеңгені үшін ордені, мерейтойлық медальдары, Қиыр Шығыстағы жапондықтармен шайқасқа қатысқаны үшін алғыс хаттары бар, сондай-ақ жауынгерлік және саяси дайындықтағы табыстары үшін, Кеңес Армиясы қатарындағы мінсіз қызметі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев Жеңіс күні – миллиондаған жандар үшін ұлы күн екенін атап өтті. Бүгінгі бейбіт заманның ұрпағы ұрыс даласында қалғандар мен Жеңісті жақындатқандарға тағзым етіп, ерліктеріне ешқашан ұмытпақ емес.

Ардагерді құттықтай келгендер ізгі тілектерін білдіріп, үйінің ауласында үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді орындап, ескі жылдарды еске салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу