Ертең жел соғып, жаңбыр жаууы мүмкін – ШҚО
Фото: mail.kz
11 мамыр, яғни сенбі күні түстен кейін облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Кей аймақтарда түнде жел күшейіп, дауыл соғады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Облыс орталығында таңертең және түстен кейін найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыста жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, - дейді "Қазгидромет" ШҚ филиалы.
ШҚО ТЖД құтқарушылары найзағай кезінде есік-терезелерді жауып, электр құрылғыларын тоқтап суырып, пайдаланбай керектігін ескертеді.
- Металл қоршаулардың, электр өткізгіштердің жанына, жел соққанда сымдарға, аялдаманың артына, ағаштардың жанына тығылмаңыз, - делінген ақпаратта.
Оқи отырыңыз