KZ
Өскемен
+29°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
440.9 475.95 4.82

Өскеменге Ұлан ауданынан жәрмеңке келеді

29.03.2024, 09:18 67 Қызырбек Дүргінбайұлы

Әр сенбі сайын келер жәрмеңкені қала тұрғындары асыға күтеді. Дәстүрлі үрдіске сай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында апта сайын өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасын тауып келеді.

Осы сенбіде жәрмеңкеге Ұлан ауданының тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлері келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.            

Кезекті жәрмеңке 30 наурыз күні «ТНП» сауда үйінің аумағында өтеді. Уақыты: сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін.

Жәрмеңкеде қала тұрғындары тауарларды тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздерінен нарықтық бағадан орташа есеппен 15%-ға төмен бағамен сатып ала алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив