KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1,1 м/с, В
481.19 538.45 5.18

Жартастан түсе алмай тұрған адамға құтқарушылар көмекке келді (видео)

ШҚО ТЖД

30.06.2024, 10:00 99 Назерке Каримова

Глубокое ауданының Жаңа Үлбі ауылының маңындағы жартасқа шыққан ер адам өзі түсе алмай қалған.

Оның көмекке шақырған даусын естіген куәгерлердің бірі құтқарушыларға хабар берген, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.

Куәгер Владимир Мордовский ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкерлерін көмекке мұқтаж ер азамат тұрған учаскеге дейін ертіп барған.

- Анықталғандай жартасқа шыққан 1991 жылғы ер адам болып шықты. Құтқарушылар оған арнайы костюм мен құтқару кеудешесін кигізіп, су қоймасы арқылы алып шықты, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив