KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1,6 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Жамбыл атындағы драма театрының артистері Катонқарағай ауданына гастрольдік іссапармен барып қайтты

21.02.2013, 18:00 139


Біртуар жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында облыстық Жамбыл атындағы драма театрының артистері Катонқарағай ауданына гастрольдік іссапармен барып қайтты.

Театр артистері катонқарағайлықтарға екі қойылымдарын ұсынды. Алдымен Шыңғыстай ауылында 16 жастан асқандарға студенттер өмірінен жазылған «Ғашықтар хикаясы немесе общагадағы серілер» спектаклі көрсетілді. Келесі күні Катонқарағай ауылының тұрғындары балаларға арналған «Ойыншықтар» туындысын тамашалады. Жамбылдықтардың бұл соны дүниесі заманауи техникалардың бала ағзасына тигізер пайдасы мен зияны сияқты өзекті тақырыпқа арналған.

Катонқарағайлық көрермен облыстан келген артистердің екі қойылымын да жылы қабылдап, оларға шығармашылық табыс тіледі.

Айна Ескенқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив