KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 3 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Бүгін «МАСКА» сыйлығының иегерлері марапатталады - ШҚО

Фото: Аяужан Утеулинова

27.03.2024, 12:09 66 Қызырбек Дүргінбайұлы

Бүгін халықаралық театр күні. Атаулы күн 1961 жылы Вена қаласында өткен ЮНЕСКО Халықаралық театр институтының IX конгресінде бекітілді, 1962 жылдан бері тойланып келеді.

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының фойесінде Халықаралық театр күнін мерекелеу аясында мәдениет басқармасының жыл сайынғы «МАСКА» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Мерекелік кештің басты интригасы - «Үздік спектакль», «Үздік ер адам рөлі», «Үздік әйел адам рөлі» номинацияларының және «Рүстем Есдәулетов» атындағы сыйлықтың жеңімпаздары кім? «МАСКА» сыйлығы – бұл өткен жылдың қорытындысы. 2023 жылы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында 9 премьера өтті, –  дейді ШҚО Драма театрының баспасөз хатшысы Еркежан Айтқазықызы.

Кәсіби мерекеде қазақ, орыс және жас көрермен театрының  (бұрынғы жастар театры) ерекше көзге түскен өкілдеріне құрмет көрсетілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив