KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

ШҚО-да бірнеше сейсмостанса салынады

Фото: depositphotos.com

10.07.2024, 16:12 83 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстанда сейсмостансалардың саны артады. Әзірге олардың екеуі ғана бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Хабар24-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан – сейсмикалық қауіпті аймақ. Облыста 8-9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін. Биыл Риддер қаласы мен Зайсан ауданында 2 жағдай тіркелді. Аймақта соңғы рет 8 балдық зілзала 1990 жылы болды. Ол кезде Зайсан мен оған жақын 3 ауданда 9 мыңға жуық баспана қирап, 1 бала шетінеген еді.

Кейін жер сілкінісін болжайтын сейсмикалық құрылғылар орнатыла бастады. Облысқа қарасты 11 ауданға бір-бірден, ал Өскеменге 2 белгі беретін құрылғы қойылды. Соның көмегімен зілзала ошақтарының картасы әзірленді.

Төтенше жағдайлар қызметі тарапынан алдын алу жұмыстары күшейтілді. Маусым айында «Жер» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өтті. Облыс бойынша жарты жыл ішінде 2,5 мыңға жуық сейсможаттығу ұйымдастырылды. Мамандар кейінгі 10 жылда өңірде 2-ден 6 балға дейінгі 19 жерасты дүмпуін тіркеген. «Қосымша сейсмостанса салу қажеттіліктен туындап отыр» дейді олар. Жақында облыста сейсмоқауіпсіздік бойынша кешенді жоспар бекітілді.

– Бұл жоспарға сәйкес, Шығыс Қазақстан аумағында 12 сейсмостанса орнату жоспарда бар. 2025-2026 жылдары Өскемен қаласындағы қоғамдық ғимараттар паспортталады, – деді ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері Нұрболат Өтеев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив