KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 4 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Алматыда жерасты дүмпулері әлсін-әлсін қайталанып отыр

29.01.2013, 18:00 123


Бүгін түске дейін Алматыда жерасты дүмпуі 4 рет тіркелді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі 24 KZ телеарнасының мәліметіне сүйеніп.

Алғашқысы Алматы уақыты бойынша сағат 10:29-да тіркелсе, қалған үшеуі бір сағаттай аралықта қайталанып отырды. Жер сілкіністерінің ресми тіркелген уақыттары 10:29, 11:29, 12:32 және 12:50. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 225 шақырым жерде орналасқан.

3,9- 4,2 балдық жер сілкіністерін еліміздің «Білім және ғылым министрлігі Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалары желісі тіркеген.

Сондай-ақ, бүгін Қытайдың батысындағы Цинхай провинциясында жер сілкінісі сезілді. Магнитудасы 5,1 балды құраған зілзала Юйшу-Тибет автономдық округінде тіркеліп отыр. Бұл туралы хабады Қытайдың сейсмологиялық орталығы таратты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Қытайдың Цинхай провинциясы Шыңжаң-Ұйғыр автономдық округімен шекаралас орналасқан.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив