KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
504.76 593.8 6.5

«Дарын» сауықтыру лагерінде есірткіге қарсы акция өтті

Махаббат Ахметжанова
Махаббат Ахметжанова
20.07.2024, 23:00 412 Назерке Каримова

«AMANAT»  партиясы жанындағы «Жастар Рухы» АҚ ШҚОФ пен ШҚО ПД есірткі қылмысымен күрес басқармасы бірлесіп, «Мен есірткісіз болашақты қолдаймын» рефераттар байқауын ұйымдастырды, деп Altainews.kz тілшісі.

Шараның мақсаты - жастарға кез келген психоактивті заттардың адамның физикалық және психологиялық денсаулығына зиянын түсіндіріп, салауатты өмір салтын насихаттап, құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Лагерьге келген 20 бала реферат жазып, байқауға қатысқан.

- Тақырып аясында оқушылар мемлекеттік деңгейде, қоғамдық-әлеуметтік ортада жүзеге асыруға болатын ұсыныстарын ортаға салды, - деді ШҚО ПД есірткі қылмысымен күрес басқармасы басшысының орынбасары Ринат Ықыласов.


Дайындық барысында байқау қатысушылары оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, есірткінің адам денсаулығы қаупі жайлы ашық ақпараттарды қолданды.

- Біз «есірткінің кесірі туралы не білесіз?», «оны таратудың жазасы қандай?» деген сынды сұрақтармен 25 адамға сауалнама тараттық. Кейін алынған сауалнамаға талдама жасап, алынған статистиканы рефератта пайдаландық, - деді лагерь тәрбиеленушісі, байқау жүлдегері Валентина Емашова.


Баяндамаларды тыңдаған әділқазылар үздіктерді таңдап, бірнеше номинация бойынша жеңімпаздарды таңдап, марапаттады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу