KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

Өскеменде салынатын ЖЭО 2028 жылы іске қосылуға тиіс

Фото: depositphotos.com

18.07.2024, 16:18 88 Ержан Әбіш

Көкшетау, Семей және Өскеменде салынатын жылу электр станциялары 2028 жылы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жылу электр станцияларын ресейлік компания салады. 2028 жылы бүкіл үш жоба аяқталып, пайдалануға беріледі.

– Көкшетау жылу электр орталығының техникалық-экономикалық негіздемесі қорытынды сараптамадан өтуде. Биыл құрылған бірлескен кәсіпорындар жобалық құжаттаманы әзірлеуге кіріседі. Сонымен қатар абаттандыру және құрылыс алаңын дайындау жұмыстары басталады. Құрылыс жұмыстары биыл басталады деп отырмыз, – деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив