Катонқарағайға Нобель сыйлығының лауреаты келді
ШҚО-ның Катонқарағай ауданына жасыл экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, Кореяның жасыл технологиялар байынша ұлттық институтының аға зерттеушісі Рае Квон Чунг келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Екі күнде ол Катонқарағайдың табиғатына тәнті болып, туристік, тарихи орындарды көрді, Шығыс Қазақстан туристік қауымдастығының жобаларымен танысты.
– Балбал тастардан бастап батыс философиясының дағдарысына дейінгі тақырыптарды талқыладық. Бір қызығы, Чунг мырзаның айтуынша, олар да Алтайдан шыққан екен. Мұзтауды «Алтынтау» деп атайды екен. Тәңіршілдік философиясы корейлердің де философиясы болған деседі. Оларда «тангун» деп аталыпты. Келесі жылы Катонқарағайда халықаралық іс-шара ұйымдастыруға уағдаластық, – деп жазады Facebook желісіндегі өзінің парақшасында Шығыс Қазақстан Туристік қауымдастығының атқарушы директоры Серік Жүнісов.
Оқи отырыңыз