KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Жас футболшылардың ата-аналары аймақ басшысына алғыс білдірді – ШҚО

1.08.2024, 11:00 73 Ержан Әбіш

«Алтай Өскемен» футбол орталығында спортпен айналысатын балалардың ата-аналары Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевқа ашық хат жазып, шынайы алғыстарын білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

­ Осы жылдың 22 шілдесінде барлық жас футболшыларға 500 жиынтық спорт жабдығы тапсырылған болатын. Балалар он түрлі спорттық формалар мен доптар алған.

– «Алтай Өскемен» клубы жанындағы футбол орталығы тәрбиеленушілерінің ата-аналары атынан футболды дамыту мақсатында ұсынылған мүмкіндіктер үшін Сізге шынайы алғыс білдіреміз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін өте маңызды. Біз балаларымыздың заманауи және сапалы жабдықтармен жаттығуға мүмкіндіктері бар екеніне қуаныштымыз, бұл олардың спортқа деген қызығушылығы мен мотивацияларына оң әсер етеді, – делінген 70-тен астам ата-ана қол қойған хатта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив