KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Үлкен Нарын ауданында «Үздік үй» байқауы өтіп жатыр

фото: depositphotos.com

9.08.2024, 10:48 104 Айжанат Бақытқызы

ШҚО Үлкен Нарын ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Үздік үй» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Байқаудың негізгі мақсаты – әрбір аулада, үйлердің маңайында және жалпы пайдаланатын жерлерде тазалық пен тәртіпке деген саналы көзқарасты қалыптастырып, тұрғындардың өз аулаларын абаттандырудағы белсенділігі мен жауапкершілігін арттыру»,-дейді ұйымдастырушылар.

«Үздік үй» байқауының шарты:

- үй тұрғындарының ауылдық округті абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірлескен жұмыстарға қатысуы;

- үйдің айналасындағы тазалық пен тәртіп, арамшөптерден тазарту (периметрі 5 метрде);

- қасбеттің ұқыпты көрінісі мен мекенжай белгісінің болуы;

- үй дизайнының сәндік және басқа элементтері назардан тыс қалмайды.

Жүлде қоры:

1 орын – 30 мың теңге;

2 орын – 20 мың теңге.

3 орын – 15 мың теңге.

Байқау жеңімпаздары 10 тамызда анықталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив