KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Қос азаматтық үшін жазаланды: айыппұл – 370 мың теңге

Фото: depositphotos.com

13.08.2024, 16:06 93 Ержан Әбіш

ШҚО-да қос азаматтығы бар тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Заң бұзушы мемлекеттік қызмет көрсету барысында анықталды.

Белгілі болғандай, осы жылдың мамырында Глубокое ауданының 21 жастар тұрғыны Қазақстанға құжаттарын тапсырмай, Ресей азаматтығын алған.

Азаматтығын ауыстырғаннан кейін бір ай өткен соң ХҚО-да аттестаттың түпнұсқасын сұрату кезінде қазақстандық жеке куәлікті пайдаланған кезде заң бұзушылық белгілі болды.

Тәртіп сақшылары Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын тәркіледі. Шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылды, 100 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

ШҚО ПД көші-қон қызметі Конституцияға сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салады және көші-қон заңнамасын қатаң сақтауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив