KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4,7 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Цифрлық эфирлік телевизияға қалай қосылуға болады?

Фото: depositphotos.com

21.08.2024, 12:41 120 Ержан Әбіш

Тарбағатай ауданындағы Жаңаауыл және Жаңаталап ауылдарында телевизиялық сигналдар цифрлық эфирлік форматта (ЦЭТТ) таратыла бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Қазтелерадио» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалына сілтеме жасап.

Цифрлық эфирлік телехабар таратудың аналогтық сигналдан басты айырмашылығы – сапасы. Сандық жүйенің сигналы тіпті ең шалғай елді мекендерге қаз-қалпында жетеді.

Цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу – телевизияда ашылған жаңа бағыт. Сондай-ақ цифрландыру шағын елді мекендерде аналогты форматтағы 2-3 телеарнаның орнына цифрлық форматта 15 телеарнаға дейін қабылдауға мүмкіндік береді.

Жаңаауыл, Жаңаталап ауылдарында ЦЭТТ ұсынатын арналар: «Qazaqstan», «Хабар HD», «Хабар 24», «Balapan», «Ел арна», «Kazakh TV», «Abai TV», «Еуразия», «Altai», «Qazsport HD», «Мир».

Аталған елді мекендерде аналогтық телехабар таратуды тоқтату осы жылдың 31 тамызына белгіленген.

ЦЭТТ қосылу әдісі лифлетте екі тілде берілген, яғни, теледидар DVB-T2 цифрлық хабар тарату стандартын қолдайтынына көз жеткізу керек. Егер қолдайтын болса, тек дециметрлік антеннаны қосу жеткілікті. Ал, ескі теледидарлар, әдетте, DVB-T2 стандартын қолдамайды, сондықтан цифрлық сигнал қабылдағыш сатып алу қажет болады, ол шамамен 5500-6500 теңге тұрады.

 

Цифрлық теледидарға қосылудың тәсілдері туралы толық ақпаратты Call-орталықтан алуға болады: 8(727)258-15-00, 8-8000800193; 8-707-258-15-00 (WhatsApp, Telegram).

Сондай-ақ тікелей «Қазтелерадио» АҚ ШҚО филиалына жұмыс күндері қоңырау шалуға болады: 8(7232)-77-77-39, 8(777)-064-1476.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив