Зайсан мен Марқакөлде көмір дайындаудың қарқыны төмен
Фото: depositphotos.com
Зайсан мен Марқакөл аудандарында қысқа әзірлік жұмыстары, оның ішінде көмір дайындау сылбыр жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің мәжілісінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов мәлімдеді.
Облыс бойынша көмір өткізуді 21 өңірлік оператор жүзеге асырады. Тұрғындар мен жылу көздеріне көмірді «Қаражыра» мен ҚТЖ компаниялары бекітілген кесте бойынша жеткізеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жылумен жабдықтаушы ұйымдардың көмір сатып алу шығындарын субсидиялау аясында биыл облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінген. Атап айтсақ, «Өскемен жылу желілері» АҚ 747 млн теңге, «Теплоэнергия» КММ 252 млн теңге, «Тепловодоцентраль Алтай» КММ 186 млн теңге, «Тепловодоцентраль Серебрянск және Жаңа Бұқтырма» КММ 199 млн теңге, «Алтай КомХозСервис» КММ 114 млн теңге, «Күршім» КММ 66,6 млн теңге сомасында субсидия алған.